Оқушылар үйренетін дағдылар:
✅ Өз жобаларын жасау;
✅ Идеялары мен жоспарларын программалау арқылы іске асыру;
✅ Кейіпкерлерді анимациялау және көрерменге әсер ету;
✅ Бөлек оқиғаларды сюжет қылып жинақтау;
✅ Кейіпкерлері мен сюжеттік желісі бар мультфильмдер жасау;
✅ Алған білімді өмірде пайдалану!
Көкіл Production базасында құрылған «Талант» анимация мектебі балаларды үйренуге шақырады. «Компьютерлік анимация» курсы аптасына 2 сағаттан 4 жылға созылады. Сабақты тәжірибелі суретші-аниматор, продюсер және режиссёрлер жүргізеді. Оқу аяқталғасын үйренушілер топпен қосылып қысқаметражды фильм жасап шығарады және өз кейіпкерлерін дыбыстайтын болады! Бұл өте қызықты болатыны сөзсіз! Балаларды қабылдау басталды, бірінші сабақ тегін! Оқу аяқталғасын мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі! «Талант» мектебі – талант арқылы мамандыққа жол тарту!
✅ Логикалық ойлау және сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
✅ Шығармашылық қабілетін ашу, командада жұмыс істеу және тез тіл табысу дағдыларын дамыту;
✅ Мақсатты дұрыс айқындап, оң нәтижеге жетуге үйрету.
“Сәлеметсіздер ме! Сүйікті педагогымыз Ілиясқа қызықты сабақтары үшін алғыс айтамыз! Кеше ұлым Әмір өз бетінше анимациялық ролик жасап, кейіпкеріне ат қойып, ғажайып оқиғаларды ойынан шығарды. Отбасымызбен мәз болдық!”
Венера
Аблабекова
“Біз бір жылғы оқуды аяқтадық, өте ризамын! Ағай және Фариза апай – өте шыдамды мұғалімдер! Сабақта керемет дүниелер жасаймыз! Тобымызда 10 бала бар. Қазір демалыстамыз, мен сабақты асыға күтіп жүрмін!”
Амина
10 жыл
“Ұлым Айсұлтан бала кезінен сурет салуды жақсы көретін. Бірде интернеттен осы «Талант» мектебін өзі тауып алып, бірінші тегін сабаққа апаршы деп өтінді. Қазір ол анимациямен қызыға айналысып жүр. Ал мен баламның жетістіктерін мақтан тұтамын. Осындай керемет мектеп болғанына қуаныштымын! Оқытушыларға рақмет!”
Тунгатарова
Жазира